31 шілде, жұма күні Павлодарда күн қатты ысиды.
Сонымен қатар синоптиктер күндіз найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін екенін болжайды.
«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, күндіз ауа температурасы +33…+35 градусқа дейін көтеріледі. Кей жерлерде найзағаймен бірге қысқа мерзімді жаңбыр жаууы ықтимал. Солтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 метр/секунд болады.
Түнде ауа температурасы +21…+23 градусқа дейін төмендейді. Жауын-шашын күтілмейді. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы 9–14 метр/секунд болады.
