• Басты бет
  • Қоғам
  • 38 жастағы павлодарлық өзіне мүгедектік рәсімдей алмауда

38 жастағы павлодарлық өзіне мүгедектік рәсімдей алмауда

Наталья 2019 жылы мамыр айында терезеден құлап, аяғы мен омыртқасын сындырған.  Бірнеше операция жасапты. Омыртқасы мен аяқ сүйектері қисық біткен. Қазір денсаулығына байланысты жұмыссыз. Әйелдің айтуынша мүгедектік рәсімдеуге барлық көрсеткіштер болғанымен дәрігерлік комиссия оны беруден бас тартқан.

 

- Бірінші дәрігерлік кеңес комиссиясы өтпеді. Маған сенде мүгедектік рәсімдеу үшін еш көрсеткіш жоқ деді. Себебі ескі жарақат дейді. Екі жыл бойы төсек тартып жатқан кезде олар қайда болды? Неге сол кезде рәсімдеуге болмады. Анам қаншама жүгірді. Өзім де неше рет жүгіндім, алайда нәтиже шыққан жоқ. Нейрохирург оларға осымен екінші рет менің жұмысқа жарамсыздығым туралы анықтама берді. Алайда мұны комиссияда қарамады, - деді Наталья Никитина.

 

Жұмыссыз әйелде қазір тіпті медициналық сақтандыру да жоқ. Еңбек етуге денсаулығы жарамайды. Қазір студент ұлының шәкіртақысына күнелтіп отыр. Үшінші емханаға қарайтын әйел бүгінде олардан денсаулығын қалпына келтіру үшін емдік шаралар ала алмай отырғанын жеткізді. Ал емдеу мекемесінде бұл айыптауларды негізсіз деді.

 

- Біз бұған дейін медициналық сақтандыру бойынша көмектесуге тырыстық. Қазір әйел қайта тексеруден өтіп жатыр. Сонымен қатар ол неврапатологтың кеңесін алады. Одан кейін қайтадан дәрігерлік кеңес комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді, - деді Павлодар қаласы №3-емханасы бас дәрігерінің орынбасары АқмаралБақытова.

 

 

Яғни барлық талдау нәтижелері дайын болған кезде Натальяның мәселесін комиссия шешеді деді ақ халаттылар. Одан кейін құжаттарды еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментіне жібереді.