• Басты бет
  • Қоғам
  • 47 миллион теңгені ретсіз жұмсаған кәсіпкер мен шененуіктерге сот үкім шығарды

47 миллион теңгені ретсіз жұмсаған кәсіпкер мен шененуіктерге сот үкім шығарды

Үкімде Сарыарқа  мөлтек ауданындағы құрылыс қылмыстық іс қозғауға себеп болғаны анықталды. Бірнеше эпизод бар, барлығы орындалмаған жұмыстармен байланысты. Кәсіпкер ол үшін ақшаны алып та үлгерген. Нәтижесінде судья бірнеше дерек бойынша шығын болмағандықтан ақтау керек деді. Бизнесмен тіпті кей жағдайда ақшаны артығымен төлеген. Дегенмен де жазалауға себеп бар.

 

- 2017 жылы екі фирманың иесі бола тұра, «Казахстан Строй Эксперт» және «Строй Сервис Гарант» ЖШС сарапшыларының қолдауымен қылмысты ұйымдастырушы бола тұра Сарыарқа тұрғын үй кешеніндегі тұрғын үйлерге сыртқы желілердің құрылыс монтаж жұмыстарын және абаттандыру қызметтерін көрсету және Ленин кентінде дене шынықтыру кешені құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысып 47 млн теңгеден астам  ақшаны шығындаған, - деді Павлодар қаласының №2-сотының судьясы Жанар Турлубаева.

 

Сотталушы тағына алты адам отырды. Бұл - кәсіпкерлер мен шенеуніктер. Олардың барлығы кінәсін мойындамады. Алайда сот кінәлары дәлелденді деп таныды. Нәтижесінде бизнесменге шығын келтіргені үшін 8 жыл берді, техникалық қадағалудың бір сарапшысына қолдау танытқаны үшін 3 жылға темір торға қамау, екіншісіне 3,5 жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ал орындалған жұмыстар актісіне қол қойған құрылыс бөлімінің мамандарына екі жыл шартты мерзім берді. Тағы бір кәсіпкерді ақтады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.