5 адамның өліміне әкелген жол-көлік апатына кім кінәлі?

Қылмыстық істің тоқтатылуы туралы бірінші қаулыда: «Оның артқы жарық шамдары болмаған», - деген еді. Бұл ретте жеңіл көлік жүргізушісін кінәлі деп тапты. Ал ол көз жұмғандықтан істі жауып тастады. Кейін бұл туралы «Ирбис» телекомпаниясының «Сигнал» бағдарламасында айтылған соң, іске полиция мен прокуратура қызығушылық танытты. Ал бүгін жапа шегушілердің қорғаушысы тергеу қайтадан тоқтап қалғанын жеткізді. Айтуынша құқық қорғау органдары мұнымен айналысқысы келмейді.  

 

- Олар қазір бізді естігісі де келмейді. Қаңтардың 23-і бағдарлама шығады, маған Ақтоғайдан прокурор хабарласты. ПД тергеуші де қоңырау шалды. Келіп іспен танысыңыз деді, - дейді қорғаушы Қарлығаш Джамалиденова.

 

Қорғаушының сөзінше апаттан кейін келесі күні тергеу сараптамасы жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша жеңіл көлік жүргізушісі тіркемесі бар тракторды көрген. Осыған сүйенген мамандар қаңтардың 26-сы тергеуді қайта тоқтатып тастаған.

 

- Олардың айтуынша спидометр сағатына 80 шақырымда қалып қойған. Және ол 200 метрден көрінеді дейді. Егер көлік сағатына 80-мен келе жатса, және 200 метр қашықтықтағы тракторды қалай көрмейді. Кез келген жүргізуші мұндай сәтте тоқтап үлгереді, - деді қорғаушы.

 

Қарлыгаш Джамалиденованың айтуынша апат туралы тілшілер жаза бастаған кезде ғана тәртіп сақшылары мен қадағалаушылар жұмысқа кіріседі. Ал қорғаушының өзі жоғары инстанцияларға жүгінуде. Полиция департаменті болса, біздің ресми сауалымызға ҚПК 35-бабы, 1-бөлімі, 1-тармағы негізінде кінәлі адамның қайтыс болуына байланысты сотқа дейінгі тергеудің тоқтатылғандығын хабарлады.