5 балалы анаға көмек қажет

Жолдасы күзетте қызмет етеді. Ал өзі бірнеше ай бұрын жұмысқа шыққан. Отбасы тұрып жатқан Чернояркадағы кішкентай үйді төртінші жыл паналауда. Айтуынша мұндай жағдайда балалары жиі ауырады.

 

- Қазір күз басталды. Міне қыс келе жатыр. Үй суық, бір қыста біз 8-9 тонна көмір жағамыз. Үйдің іші суық қатты. Қыста бір апталап ауырып қалады балалар, - дейді Март Омар.  

 

Әйелдің айтуынша кішкентай 3 баланы балабақшаға беруге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан олар үйде отырады. Жалпы кірістері 150 мың теңгені құрағанымен, күнделікті қажеттіліктерінен аспайды екн. Көп балалы ана қайырымды жандардан көмек сұрайды. Айта кететіні, отбасы Черноярка ауылдық округінің әкімдігінде баспанаға кезекте тұр. Әзірге 22-інші. Ал көмектескісі келетіндерге 8-776-320-61-18 нөміріне хабарласуға болады.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова