50 жылдың жартысына жуығын телевидение саласына арнаған

Ол 23 жыл бойы осы салада қызмет етіп келеді. Бұл әдемі келіншекке қарап, оның елуді еңсерді деп айтудың өзі қиын. 23 жыл бойы студияда және микрофонмен қызмет етуде. Оның теледидардағы мансабы спорттық эстафета сияқты, ал мәреге дейін әлі алыс. Тағы бірнеше секунд және эфирде спорт жаңалықтары. Кадрдан тыс өмірі жайлы шағын репортажды ұсынамыз.

 

  • Егер адам мұнда өзін тапса, онда кетуі қиын. Иә, барлығын тастап, кетіп қалғым келген сәттер болды. Бір-екі рет емес, әр түрлі жағдайлар. Мүмкін мен басқа қалада жұмыс істегім келген шығар. Маған осында ұнайды, жұмысым да өзіме ұнайды. Мүмкін, мен спорт адамы болғандықтан болар,- дейді «Ирбис» телекомпаниясының спорт жаңалықтары жүргізушісіЕлена Белоградова.

 

Әйел және футбол үйлеспейтін ұғымдар. Алайда, Елена Белоградова үшін бұл қалыпты дүние. Стадионда ол журналист, әрі жанкүйер. Матчтарды жіберіп алмауға тырысады.

 

  • Гол соққан кездегі эмоциялар. Сондай бір керемет сезімдер. Кейде бұл не өзі деп, түсінбей де жатасың,- дейді «Ирбис» телекомпаниясының спорт жаңалықтары жүргізушісіЕлена Белоградова.

 

Бір толқында. Жас дыбыс режиссері Дәурен Сүлейменов әріптесі жайлы солай дейді. Ол Ирбис телеарнасының стилистінен бөлек, жақын жұмыс істейтін жалғыз адам.

 

  • Ерекше адам екені сезіледі, қаталдығы мен көңілділігі де шектен шықпайды. Студияға келер болсақ, оның өзінің сүйікті орындығы бар. Яғни, тек сол орынға отырғанды ұнатады,- дейді «Ирбис» телекомпаниясының дыбыс режиссері Дәурен Сүлейменов.

 

Осы сенбі, 21 мамыр сағат кешкі 20:00-де біз арнайы жобаның қайталауын ұсынамыз. Онда Елена Белоградова құпиясы мен кадр сыртындағы өмірі жайлы айтып береді. Жіберіп алмаңыз.

 

Авторы:Тимофей Голев