6 миллион теңге үшін 6 жылға

Естеріңізге сала кетейін, 2020 жылдың 25 қыркүйегінде полицияда қарағандылық кәсіпкерді тонағаны туралы хабарлаған еді. Қаскүнемдер терезені сындырып, ақша сақталған темір қорапты жүргізуші орындығымен бірге жұлып алып кеткен. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, бір жарым жылдан соң үкім оқылды.

 

- «Аса iрi мөлшерде ұрлық» жасағаны үшін кінәлі деп тауып, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне 6 жылға қамау жазасы тағайындалсын, - деп сот үкім шығарды.

 

Екінші айыпталушыға бес жыл берді. Екеуі де кәсіпкерге шамамен алты миллион теңгедей материалдық шығын төлеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы