• Басты бет
  • Қоғам
  • 6 жылдан бері футбол алаңын сұрап келген павлодарлықтарға әкімдік жауап берді

6 жылдан бері футбол алаңын сұрап келген павлодарлықтарға әкімдік жауап берді

Мұнда бос тұрған екі телім бар. Онда шағын футбол алаңын жасауға болатынына сенімді. Соңғы 6 жыл бойы барлық инстанцияларға хат жазыпты.

 

- Бұл үйлерде жастар мен балалардың саны көп. Пандемия кезінде олар спортпен айналысу қажет. Бірақ оған ешқандай жағдай жасалмауда. 6 жыл бойы шенеуніктердің табалдырығын тоздырып келеміз. Ешқандай нақты шешімдері жоқ. Жер астында коммуникациялар жатыр дейді, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы №157-үйдің тұрғыны Сейітбатал Успанов.

 

- Бір қызықтысы олар аталмыш жер телімге алаңды орнатуға болмайды дейді. Бұған қарамастан қазір мұнда бетондалған стритворкаут алаңы және асфальтталған көлік тұрағы бар. Астында коммуникациялар болса, неге бұл воркауттарды орнатқан?, - деп таңқалды Ломов көшесіндегі №139-үйдің тұрғыны Нұрислам Нафигулин.

 

Тұрғындардың айтуынша, олар бұрынғы және қазіргі қала әкімімен кездесіп үлгерді. Тек уәделерін беріп қояды дейді. Спорт алаңы әлі күнге дейін жоқ.

 

- Аталмыш өтініш бойынша мамандар мекенжайға барып, ұсынылған бірнеше жер телімі қаралды. Оған «Павлодар жылу желілері», «Қазақтелеком» өкілдері қатысты. Аталмыш жерде комуникациялар анықталып, желілерді қорғау аймағына жататындықтан құрылыс жұмыстары жүргізілмейді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.  

 

Сол себепті, Назарбаев 157-де жаңа шағын футбол алаңы болмайды. Осы ретте, жасөспірімдерге шаң мен топырақтың арасында ойнауға тура келеді.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.