Ақсу металлургтері 150 «Қайырымдылық сөмкесін» жинады
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері тағы да балаларға қолдау көрсету үшін бір мақсатқа жұмылды. Жыл сайын өтетін «Қайырымдылық сөмкесі» жақсылық жасау акциясы аясында металлургтер мектеп оқушыларына қажетті оқу құралдары салынған 150 рюкзак дайындады.
Әр рюкзакта оқушының күнделікті оқуына қажет дүниелер — дәптерлер, қаламдар, қарындаштар, кеңсе тауарлары және басқа да қажетті оқу құралдары бар.

Биыл мектеп жиынтықтары Ақсу қаласындағы №4, №7 және №8 мектептердің, Абай атындағы, Алтынсарин атындағы, Шулембаев атындағы мектептердің, сондай-ақ Ақсу ауылындағы Сарышығанақ мектебі мен Беловка ауылындағы №5 бастауыш мектеп оқушыларына табысталды.
— Қызметкерлеріміз балалар үшін біріккен кезде, команда дегеннің тек бірлескен еңбек емес екенін ерекше түсінесің. Бұл — көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге дайын болу. Біз үшін осы игі дәстүрді сақтап, оны жыл сайын компаниямыздың өмірінің бір бөлігіне айналдыру маңызды, — деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Ержан Абдулабеков.

«Қайырымдылық сөмкесі» акциясына «Қазхромның» қатысу өңірлеріндегі барлық кәсіпорындары атсалысады. Биыл компания қызметкерлері балаларға арнап барлығы 630 рюкзак жинады.
