• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақсуда спорт нысаны құрылысын дұрыс қадағаламаған шенеунікке жұмыстан шығаруға кеңес берді

Ақсуда спорт нысаны құрылысын дұрыс қадағаламаған шенеунікке жұмыстан шығаруға кеңес берді

 

Рахат Бекбергенов 2023 жылдың соңында құрылысы аяқталмаса да, ғимараттарды тұрғызу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойған. Бұл ретте энергетиктер қаласындағы мұз сарайы мен қала жанындағы ауылдардағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері туралы сөз болуда дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Ақсудағы мұз сарайын 2021 жылы салып бастады. Нысан төлқұжатында да солай жазылған. Ал аяқталу мерзімі 2022 жыл сәуір деп көрсетілген. Алайда тіпті 2023 жылдың соңында құрылысы аяқталмады. Ал Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 2023 жылдың соңында мердігерге орындалмаған жұмыс үшін шамамен 66 миллион теңге аударуды мақұлдаған. Сонымен қатар Еңбек, Жолқұдық, Пограничник және Алғабас ауылдарындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызуға 440 миллион теңгеден астам беруге рұқсат еткен. Шенеунік тәртіптік кеңес отырысында бюджетті игермек болдым деп ақталды. Мердігер өз жұмысын ішінара жасады деді.

 

- Прокуратура қызметкерлерінде оны анықтау үшін белгілі бір дағдылары немесе білімдері жоқ. Бұл ретте арнайы техникалық сараптама керек. Сол себепті негізсіз ақша төленген дегенді тексерген жөн,-деді Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Рахат Бекбергенов.

 

Биыл мердігер дене шынықтыру сауықтыру кешендері бойынша бюджетке 50 миллион теңге қайтарған. Рахат Бекбергенов ақша төленген көлем соңына дейін жасалмағанын мойындады. Тәртіптік кеңес мүшелері шенеунікке мұндай әрекет үшін қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін ескертті.

 

-Жарты жыл өтті. Бұзушылықтар ретке келтірілмесе, неліктен сотқа материал жіберілмеген?,-деп шағымын білдірді Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік департаментінің басшысы Ержан Қарымсақов.

 

Нәтижесінде құрылыс бөлімі басшысының ақталғанын ешкім тыңдамады. Оның басшы болғанына шамамен бір жыл, бұл уақыт ішінде ол тәртіптік және әкімшілік жазаға тартылған. Сол себепті тәртіптік кеңес мүшелері Рахат Бекбергеновты жұмысынан шығаруға кеңес берді.