Абайлаңыз, мұз сүңгілері!

Қаладағы көптеген ғимараттарда қауіпті мұз сүңгілері көп. Коммуналшылар қызмет көрсетуші ұйымдардан шатыр тазалығына ерекше назар аударуды сұрайды деп хабарлайды irbistv.kz.

Тұрғын үй инспекциясы ПИК-тердің бұл бағытта орындап жатқан шараларын қатаң бақылауда. Биікте орналасқан мұз сүңгілері адамдар үшін үлкен қауіп төндіреді.

«Ауа температурасының жылуына байланысты қаламыздың көпқабатты үйлерінің шатырларында мұз сүңгілері пайда болуда. Бөлім тарапынан Павлодардағы барлық қызмет көрсетуші ұйымдарына шатыр тазалығына назар аудару тапсырылды. Бұл бағыттағы жұмыстары күнделікті жүргізіледі», - дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова.

Қазіргі таңда Павлодар қаласындағы үйлерге қызмет көрсетуші ұйымдар көпқабатты аумағын қардан тазалау және оны шығару, шатырлар мен қалқаларды мұздан тазарту шараларын орындауда. Мамандар жіберілген ескертулерді елемегендер жоқ деп айтты. Басқа жағдайда тәртіп сақшылары келіп, абаттандыру ережесін бұзғандарға айыппұл сала алады.

Фото:  URA.RU