• Басты бет
  • Қоғам
  • Абайсызда 5 отбасыны баспанасыз қалдырған 2 жасөспірімді іздестіуде

Абайсызда 5 отбасыны баспанасыз қалдырған 2 жасөспірімді іздестіуде

Өрт сөндірушілердің айтуынша жалын 120 шаршы метрді шарпыған. Үйден үш газ балонын шығарды. Қазір жалынның шығуына себеп болған екі жасөспірім іздестірілуде.

 

-Он жастар шамасындағы екі жасөспірім анықталды. Олардың кім екені әлі белгісіз. Біз аталмыш үйдегі бақылау камерасын қарадық. Сонымен қатар бізге Жұлдыз стадионының күзетшілері жасөспірімдерді сол маңнан көргендерін айтты. Біз материалды жинадық, енді оларды ПД береміз,- дейді Павлодар қаласы ТЖБ басшысы Ринат Валишанов.

 

Айта кету керек, өрт шыққан үй тұрғындары қазір туысқандары мен таныстарының үйін жағалап кеткен. Бүгін әкімдікте пәтерлері бүлінген бес отбасыға баспанамен көмек көрсетілетінін айтты.

 

­Жапа шегушілерге тұрақты баспана берілгенше мемлекет олар үшін пәтер жалдайды. Ол бюджеттен төленеді. Тек коммуналдық қызметтерді төлесе жеткілікті. Қазіргі таңда адамдардың бір бөлігі құжат рәсімдеу үшін әкімдікке жүгінді,- дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

 

Баспасөз қызметі хабарлағандай қазіргі таңда 285 отбасы алюминстройдағы ескі екіқабатты үйлерден жаңа баспанаға көшу үшін кезекте тұр. Қала билігі оларға пәтер «Сарыарқа» мөлтекауданында салынып жатқан үйлерден берілетінін айтты.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы