• Басты бет
  • Қоғам
  • Абаттандыру ережесін бұзған павлодарлықтарға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Абаттандыру ережесін бұзған павлодарлықтарға 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Полицейлер қазылған орындарды мерзімінде абаттандырмағаны және қалпына келтірмегені үшін екі млн теңгеден астам айыппұл салды. Тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері Павлодарда тексеріс жүргізуде. Олар қоршаудың орнына қойылуын, асфальттың сапалы төселуін бақылауда. Анықталғандай қателіктер жетерлік.

 

Достоевский көшесіндегі жер теліміне инженерлік желі тартқан. Тұрғын үй инспекциясында жұмыстар аяқталғанымен асфальт төселген емес. Тексеріс жүргізіліп, әкімшілік хаттама толтырған. Ескертулерді қысқа мерзімде жоюға міндеттеді. Айта кету керек, асфальт немесе топырақты қазбас бұрын рұқсат алу қажет. Одан кейін қауіпсіздік сақталуы тиіс. Кез келген шұңқыр жанына металл қоршау, ескерту белгісі орнатылуы тиіс. Жарық та артық етпейді.

Мысалы, Қамзин көшесіндегі 72-үй жанындағы қазылған орын тиісінше қоршалмай, еш белгі орнатылмағаны үшін 31 мың теңге айыппұл салды. Жыл басынан бері, 2 миллион теңгеге 14 әкімшілік материал толтырған.

 

-Негізінен қателікке бой алдырғандар, жұмысының көп бөлігін Павлодар қаласы аумағында жүргізетін, заңды тұлғалар болып табылады. Бұл дегеніміз, коммуналдық қызметтер, алпауыттар. Әкімшілік айыппұлдар көбіне асфальт бетон жабынын уақытында қалпына келтірмегені үшін салынады,-деп мәлім етті Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев.

 

Ең көп айыппұл Павлодар жылу желілеріне және «Павлодар-Водоканалға» салынды. Қазіргі уақытта жауапкершілікке тарту үшін тағы 31 материал дайындаған.