Абаттандыру ережесін бұзғандар қанша айыппұл төлейді?
Бұл - Парковая көшесі. Мұнда өткен жылы күзде алпауыт су құбырын тартып, 1,7 шақырымда асфальт жабыны қопарылды. Кейін ауа райының салқындауына байланысты абаттандыру элементтерін қалпына келтіріп үлгермеді. Бүгін аталмыш жұмыстар қолға алынып, жаңа асфальт салынуда. Коммуналшылар тәртіп сақшыларымен бірігіп, рейдтік шараларға шықты. Сәуір айынан абаттандыру ережелерін бұзу бойынша түрлі субъект түрлеріне 704 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
- Олардың екеуі монополия субъектісі болып табылады. 300 мың теңгелік айыппұл «Павлодар-Водоканалға» салынды. Кейін «Павлодар жылу желілері» және басқа да заңды тұлғаларға қатысты. Негізінен жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, бұл қоршаулар, белгілерді және жарықтандыруды орнатпау бойынша. Сондай-ақ, шұңқырларды ашық қалдырып кетуге қатысты, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев.
Қаламызда жалпы 140-қа жуық осындай жер телімі бар. Бүгінде олардың 39-ы қалпына келтірілді. Коммуналшылардың айтуынша, қалғандары мамыр айының ортасына дейін жабылады.

