Адам өлтіріп, ары қарай жайбарақат ішуін жалғастырған

Бүгін сотталушыны кінәлі деп тапты. Іс материалдарынан белгілісі ер адамдар бірге ішімдік ішкен.

 

Айыпталушы танысының арқасынан пышақ сұққан, ол болса сол жерде есінен танып, құлап қалған. Сотталушы жедел жәрдем шақырудың орнына жапа шегушіні матраспен жаба салып, отырысқа қайта оралған.

 

- ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тоғыз жылға қамау жазасы тағайындалсын, - деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясыНұрланАйтбаев.

 

Жапа шегуші оқиға орнында көз жұмды. Айыпталушыны бас бостандығынан айырғаннан басқа ішкіліктен емделуге, әрі марқұмның туысқандарына 7 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы