Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

АИТВ немесе ЖИТС жұқтырған адамды кемсітушілікке жол жоқ

Қоғам

107
Ол басқалар секілді қолдауға ие болып, барлығымен тең жұмыс істеп, өмір сүруге құқылы. Бұл ретте Павлодар облысында мұндай дертті жұқтырған адамдарға жұмыс беруші ұйымдармен келісім бар.

АИТВ немесе ЖИТС жұқтырған адам сіз ойлағандай қауіпті емес. Еліміз наурыз айында АИТВ дертіне байланысты қорлау мен кемсітушілікті жою жөніндегі жаһандық серіктестік бағдарламаға қосылған. Егер науқас қоғамда мұндай қиындыққа тап болса мамандар көмекке келеді.

 

- Кез келген адам кемсітушіліктің, қорлаудың, жаңағы «таңба» деп жатамыз ғой, осы мәселеге тап болатын жағдай болса, бізде пациентті қолдау орталығы жұмыс жасайды. ЖИТС орталығында пациентті қолдау орталығы 32-98-76, 32-94-23 телефоны арқылы хабарласып, біздің мамандарға жүгіне алады, - деді Павлодар ЖИТС орталығының  маманы Жұлдыз Байдаурова. 

 

ЖИТС орталығы мамандары пациенттерге заңгерлік көмек те көрсетілетінін айтты. Ұйым қызметкерінен бұл сырқат туралы анықтама сұрауына тыйым салынған. Бұл ретте ірі, шағын және орта бизнес өкілдерімен АИТВ жұқпасы бар азаматты дәл осы дертіне байланысты жұмыстан шығармауы туралы келісім жасаған. Сол себепті олар медицина саласынан басқа жердің барлығында жұмыс істей алады.

 

- АИТВ-мен ауыратын адамдардың жартысынан көбі осы қорлау түріне, ал үштен бір бөлігі кемсітушіліктің кез келген бір бөлігіне тап болған. АИТВ жұқпасын жұқтырған адамдарды жұқпаны жұқтыру негізінде жұмыстан босатылатын болса бұл кемсітушілік болып табылады. Және адам құқығын бұзу болып табылады, - Жұлдыз Байдаурова.

 

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысында АИТВ жұқтырған 45 адам тіркелген. Жалпы саны екі мыңға жуық адамды құрайды. Олардың 40 пайызы жұмыспен қамтылған.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()