Аймағымызда екпе алушылар саны күрт артқан

Қазіргі таңда аймағымызда коронавирусқа қарсы екпенің 208 715 дозасы бар.  CoronaVac  9 мың доза шамасында,  Спутник V 50 мың доза,  QazVac  2,5 мың доза шамасында қалған. Бұл үш аталым бойынша вакцина саны жеткілікті дейді денсаулық сақтау басқармасында. Қазір облысымыздағы 450 мыңнан астам тұрғынның 35 проценті екпе алған. Вакцинациялау қарқыны күрт ұлғайған. Күніне 3-тен 6 мың адамға дейін екпе салынады екен. Ал араб елінің вакцинасы таусылған.

 

«Hayat-Vax бізде 20 мың доза болды. Екінші компонентпен қосқанда 40 мың дозаны құрады. Ол бір рет ғана әкелінді. Павлодар облысына 20 мың доза бөлінді. Қазір ол таусылып қалды. Қазір тек екінші компоненті ғана қалды. Оны біріншісін алғандар алады» -деп мәлімдеді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов. 

 

 

Араб вакцинасы аймағымызға тағы әкеліне ме, ол жағы белгісіз. Ал екпеден кейін денсаулық жағдайының нашарлауына дәрігерлер мен вакцинаны алушының өзі жауапты деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасында. Екпе алмас бұрын міндетті түрде скринингтен өту қажет.