• Басты бет
  • Қоғам
  • Аймағымызда коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте болған медициналық қызметкерлерге төлем жасауда бірқатар қиындықтар туындаған

Аймағымызда коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте болған медициналық қызметкерлерге төлем жасауда бірқатар қиындықтар туындаған

Жалпы облысымызда 375 медициналық қызметкер вирустық пневмониямен, ал 279 ақ халатты КВИ-мен ауырған. Аймақтық комиссия мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 135 өтініш жіберген. Барлығы 87 медицина маманына төлем жасалған. Оның қатарында екеуінің отбасысына ақша төленді.

 

- Бұйрыққа сәйкес мұнда кімнің төлем алатыны нақты жазылған. Біз қанша тізім берсек те олар бұйрықтан аса алмай отыр. J18, J15 кодтары бойынша төлемдер мақұлданса, басқа кодтарды төлем төлеу орталығы өткізбей отыр. Олар үшін ең бастысы диагноз «вирустық пневмония» болуы керек.  Бұл J12.8, J12.9, - дейдіПавлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айдар Сейітқазинов.

                

Бүгінгі жиында әлеуметтік төлемді алушылар тізімін ұлғайту керек дегенді айтты. Бұл қатарға блокпосттарда, фильтр-кабинеттерде, қабылдау бөлімдерінде кезекшілік атқарғандар, шұғыл стационарларда вирустық инфекциямен және пневмониямен келгендерді қараған медиктер сонымен қатар сырқат белгілері жоқ науқастарға және жеңіл пневмониямен ауырғандардың үйіне барған ақ халаттылар, COVID-19 ошағы анықталған орындарда жұмыс істеген жандар енбей қалған.

 

- Жергілікті деңгейде құжаттарды реттеу керек. Тұрғындар мен медициналық ұйымдардың басшыларына осы бұйрыққа сәйкес яғни  ереже бойынша төлемді алуға кім құқылы екенін түсіндіру қажет. Әрі қарай денсаулық сақтау және еңбек министрлігімен бірге оны өзгерту туралы мәселені қарастыруға тура келеді, - дейдіПавлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова.

 

Қазір медициналық ұйымдардың қате толтырылған эпидкарталарды түзетуге мүмкіндігі бар. Депутаттар елордаға жіберетін хатта пандемиямен күрескен дәрігерлердің бірқатар категорияларын қосуды және диагноздардың кодировкаларын өзгертуді сұрамақ. Айта кету керек Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері республика бойынша алғашқылардың бірі болып жоғарыда аталған өзгерістерді енгізуді сұрап отыр.