Аймағымызда ПТР тест бағасын кім қадағалайды?

-Мені таң қалдыратыны ПТР бағасы бір дегенде 12-ден 9 мың теңгеге түсті, яғни зертханаларда ондай мүмкіндік бұрын да болған ба? Бағаны кім қадағалайды? Ойына келгенін жасап жатыр ма кім біледі. Алматыдағы таныстарым болса, ПТР тестті 4 мың теңгеге жасатады, - дейді Марина Рожкова.

 

Өңіріміздегі ПТР-тест бағасын бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті қадағалайды. Мамандар, зертхана ұйымдарымен келіссөз жүргізудің арқасында анализ құнын 8-9 мың тг түсіру мүмкін болып отыр дейді. Ал өзге өңірлердегі арзан баға технология ерекшелігіне қатысты екендігін алға тартты.

 

-Бұл анализ жасайтын қондырғыға тікелей байланысты, яғни техника өндіруші мен оның құнына қатысты. Мысалы кейбір ұйым бір дегенде 100 тестті тексеретін мүмкіндікке ие, ал басқалары сол уақытта тек бір анализді дайындайды. Сол себепті әр жеке ұйымға қатысты  баға негізділігі тексерілді, - деп түсіндірді ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысы Павел Баданин. 

 

Айту керек,  баға тұрақтылығын сақтау үшін бәсекелестікті қорғау қызметі зертханалық ұйымдармен комплаенс келісім жасады. Егер міндетті орындамау дерегі орын алса, таза кіріс толықтай тәркіленеді. Өңірімізде ондай жайттар тіркелмеген.