• Басты бет
  • Қоғам
  • Аймағымызда жағажайлар маусымның он бесінде ашылады деп жоспарлануда

Аймағымызда жағажайлар маусымның он бесінде ашылады деп жоспарлануда

Өткен жылғы шомылу маусымы аймағымызда тіпті ашылып та үлгермеген болатын. Себебі эпиджағдай оған мүмкіндік бермеді. Ал қазір әзірге ондай шектеулер жоқ дейді құтақрушылар. Күн ысып кеткендіктен қазірдің өзінде суға шомылып жатқандар бар. Дегенмен де жағажай әлі еш дайын емес. Себебі тасыған су арнасына келіп үлгермеді. Оған екі аптадай уақыт қажет дейді ТЖД-де. Содан кейін барып шомылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілмек. Қоқыстан тазартылып, арнайы жабдықтар орнатылады.

 

- Облыс аумағында 33 жағажай бар. Оның 17-сі коммуналдық, 16-сы жеке. Облыс әкімінің қаулысымен екі жағажай бізде Павлодар қаласында, екеуі Баянауылда болса, екеуі Май ауданында. Үш жағажай Железин ауданында. Сонымен қатар Ақсу қаласында, Павлодар, Ақтоғай, Ертіс және тереңкөл Аққулы аудандарында бір жағажайдан орналасқан, - деді Павлодар облысы ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Батырқұлов.

 

Күн күрт ысып кеткендіктен жағажайда демалушылар саны күн санап көбеюде дейді құтқарушылар. Бұл ретте олар ата-аналардан жазғы демалыс кезінде балаларға ерекше абай болуды ескертеді. Су айдындарында ересектерсіз шомылудың арты қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.