• Басты бет
  • Қоғам
  • Аймағымызда қарашаның 9-нан бастап жаңа қаулы күшіне енеді

Аймағымызда қарашаның 9-нан бастап жаңа қаулы күшіне енеді

Павлодар қаласына кіру және шығу талаптары өзгереді. Яғни бұл үшін арнайы рұқсат керек. Тек дәрі-дәрмек пен азық-түлік тасушылар, апаттық бригадалар, дәрігерлер мен құтқарушылар секілді қажетті қызметтер еркін қозғала алады. Ал қарапайым тұрғындарға алғашқы аптада жұмыстан алған анықтамамен жүруге рұқсат етіледі. Кейін  pvlinfo.kz. сайтында тіркелу қажет. Ал облыс ауылдары арасында еркін жүре беруге болады.

 

- Павлодар қаласына және облыстың басқа елді мекендеріне кіру үшін ПТР тест қажет емес. Тіркеу сайтта жүргізіледі. Сонымен қатар әуе және теміржол қатынастарының саны қарастырылады. Олар бойынша ПТР тест керек пе жоқ па оны көлік департаменті өздері шешеді, - деді Павлодар облысының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Сонымен қатар бас санитарлық дәрігер қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметкерлермен қатар штат саны 30-дан асатын ұйымдар мен кәсіпорын жұмыскерлерінің 80% қашықтықтан жұмыс істеуге көшірілуі тиіс. Қарашаның 9-нан бастап Павлодар облысында  9 бекет  орнатылады. Онда адамдардың қызуын өлшеп, сауналнама алады. Ал КВИ белгілері анықталса, жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтеді.

 

- Павлодар қаласында 5 бекет болады. Бұрын көктемде болған орындарда. Және Ақсу қаласында екі бекет болады. Ақсу-Евгеньевка тас жолында және біреуі ГРЭС кентінде. Және ШҚО шекаралас аудандарда ол Аққулы және Май ауданында орналасады, - деді Павлодар ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

 

Аталған карантиндік шаралар дүйсенбі, яғни қарашаның 9-нан бастап күшіне енеді. Өңірдегі эпиджағдай күн санап нашарлауда. Естеріңізге сала кетейін, өткен тәулікте 68 КВИ жағдайы тіркелген. Сонымен қатар өңірімізде діни нысандар, кинотеатрлар мен тетрлардың жұмысына тыйым салынады, қоғамдық көлік демалыс және мереке күндері қатынамайды.