• Басты бет
  • Қоғам
  • Аймағымызда өндірісте 4 ай ішінде 25 жазатайым оқиға орын алған

Аймағымызда өндірісте 4 ай ішінде 25 жазатайым оқиға орын алған

Өңірімізде жұмыс орындарында болған жазатайым оқиғалар аз емес. Көп жағдайда заңнамаға сәйкес өтініштерсіз өндірісте тексеріс жүргізе алмаймыз дейді еңбек басқармасының басшысы. Дегенмен жұмысшылардың қауіпсіздігі үшін бұзушылықтарды жоюға тырысуда.

 

-Жарты ай бұрын бізге жөнделіп жатқан нысанның жанынан өтіп бара жатқан азамат адамдар биіктікте белбеусіз, каскасыз жұмыс істеп жатқаны туралы жазды. Заң бойынша тексеріс жүргізе алмадық. Алайда кәсіпорынмен жұмыс істедік. Барлық бұзушылықтар жойылды. Азаматқа жазбаша алғысымызды білдірдік,- дейді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

 

Бас еңбек инспекторының айтуынша жұмыскерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін кодекске күрделі өзгерістер енгізілмек. Бұл құрылыс саласына да қатысты болмақ. Бұдан бөлек жалақы мәселесіне де тоқталды.

 

-Ең төменгі жалақы шағын бизнесте. Ірі кәсіпорындардың барлығы дерлік қазіргі таңда жалақыны көтерді. Соңғысы ол Кастинг болатын. Олар да көтерді. Мәселе тек шағын бизнестермен,- дейді Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов.

 

Шағын бизнесте жалақының төмен болуымен қатар төленбейтін жағдайлары да бар дейді басқарма басшысы. Ал ірі кәсіпорындарда мұндай мәселе жоқ.

 

 

Авторы:Арнагүл Исабекова