Аймақ мектептері білім күніне дайын ба?

Павлодар облысындағы «Мектепті жаңғырту», «Заманауи мектеп», «Ауыл-ел бесігі» жобалары бойынша 46 оқу орнында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде олардың 11-інде жұмыстар аяқталған. 22, 9, 5 мектептерді жоспар бойынша тапсырмақ. Айту керек, жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушыларының саны 114 800 баланы құрады. Ал бірінші сыныпқа аймағымызда 11 049 бала қабылданған. Бала санының көптігіне байланысты 34,9,39 мектептерде оқушылар ауысымдар арасында оқиды. Айта кеткен жөн, бірінші сыныпқа ең үлкен қабылдау 9,29,39 мектептерде жүруде. Самал Айтқазина келісім шарт бойынша 1 қыркүйекте ашылмайтын білім мекемесі бар екеніне тоқталды.

 

Ақсу ауданы Сарышығанақ ауылында бір мектеп келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталмайды. Бірақ жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда біз толық ақпаратты нақты бере алмаймыз, өйткені біз тәуекелдер бар екенін өзіміз де түсініп отырмыз. Сондықтан 1 қыркүйекке дейін толық ақпарат береміз, - деп мәлімдеді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

 

1 қыркүйекте алғашқы қоңырау соғылмауы мүмкін мектептердің тізімі 25 тамыздан соң белгілі болмақ. Бұдан бөлек, 1 сынып оқушылары 35 апта, қалған сыныптар 36 апта оқитыны жайлы айтылды. Сонымен қатар, қазақ тілді сыныптар оқу жылын «Әліппе» және «Ана тілі» кітаптарынан бастайды, ал шет тілдерін 3 сыныптан бастап оқитын болады.

 

Альфия Омарова