АЙМАҚТА ТӘРТІПТІ БҰЗҒАНЫ ҮШІН 870 АДАМ СОТТАЛДЫ

2022 жылдың 5 қаңтарында облыстық әкімдік ғимаратының алдында санцияланбаған митинг өтті. Тәртіп сақшылары берген ақпарат бойынша сол кезде Павлодарда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі бұзылған. Сонымен бірге бейбіт жиындар, митингілер, пикеттер мен шерулер ұйымдастыру және өткізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына да қайшы әрекеттер тіркелді дейді Павлодар облысының комендатурасы. Осы орайда полицейлер 870 тәртіп бұзушыны ұстап, бөлімшелерге жеткізгенін атап өтті.

- Нәтижесінде сот қаулысымен 220 тәртіп бұзушы 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды, 288 тәртіп бұзушыға 30 АЕК айыппұл салынды, шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды, - деп хабарлады комендатурада.

Павлодар облысының комендатурасы аймақ тұрғындары мен қонақтарынан аса мұқият болуды, арандатушылықтарға берілмеуді, ТЖ кезінде белгіленген ережелерді сақтауды сұрайды.