Аймаққа кіргізу үшін ПТР-тест сұрауы мүмкін

-Егер біз қызыл аймақта қандай да бір кезеңде болып, ештеме өзгермесе онда біз шараларды қатаңдататын шығармыз. Яғни біздің Павлодар облысына кіретін адамдардан ПТР тест талап етуіміз мүмкін, деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысы м.а. инфекциялық ауруханалар науқастарды қабылдап жатқанын айтты. Жұқпалы аурухана 33, ал карантиндік кереуеттер 14,5 процентке толған. Бір адамның жағдайы ауыр. 12 адамның жағдайы тұрақты ауыр. Екі науқасты өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан.

 

-Кешегі бір тәулікте жедел жәрдемге 568 адам қоңырау шалған. Ал шілде айында бұл сан мыңнан асып кеткен еді. Қараша айында орташа есеппен 554 қоңырау. Бір тәулікте  инфекциялық стацонарға 36 адам түсті. Оның 16-нан КВИ, 9 адамнан вирустық пневмония анықталды,- деп хабарлады Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы м.а. Айдар Ситказинов.

 

КВИ жұқтырған 172 адам стационарда жатыр. Көбісі амбулаториялық тәртіпте ем алуда. Ал күні кеше 22 адам індеттен жазылып шыққан.