• Басты бет
  • Қоғам
  • Алаяқтардан пәтер сатып алған әйел баспанадан қашан қуып шығады деп күтіп отыр

Алаяқтардан пәтер сатып алған әйел баспанадан қашан қуып шығады деп күтіп отыр

Мақпалдың әпкесі Айгүл сол кезде қатерлі ісіктен соң ремиссияда болған. Алайда кейін баспананы алаяқтардан сатып алғандарын білгенде ауруы асқынып кеткен. 2019 жылдың қыркүйегінде апасы көз жұмды. Баспана үшін күресті Мақпал әрі қарай өзі жалғастырды. Бастапқыда оның ісі барлығымен бірге болған еді, кейін оған жеке іс шығарған. Жақында үкім шыққан кезде оның құр алақан қалғаны белгілі болды. Қаскүнемдерді бас бостандығынан айырған, ал Мақпал Мейрамованы тек куәгер деп тапты. Нәтижесінде пәтер мемлекетке қайтты, әйел ештемесіз қалды. Тіпті  материалдық шығын да жоқ.

 

«Пәтерді иесіз деп тапты, қазір ол қайтыс болып кеткен Панфиловқа тиесілі. Келесі соттан соң әкімдік мені пәтерден шығарады. Өздеріне аударып алған да шығар. Қазір коммуналдық қызметтерді де төлеп отырмын. Бір жағынан пәтер менікі болмаса не үшін төлеуім керек, - дейді Мақпал Мейрамова.

 

Мақпал пәтерде жөндеу жасамайды, техника да алмайды. Әпкесін жоғалтқаннан кейін қиын болғанын айтады. Адал ақшаға сатып алған баспанасы үшін бірнеше жыл күресуге тура келген.  Әкімдік тұрғындардың емес тек өз мүддесін қорғаған болып шықты дейді.

 

«Қылмыстық іс тағылған айып шеңберінде қаралды. Себебі Павлодар облысының прокуратурасы оны жапа шегушілер қатарынан алып тастады. Сот отырысында одан пәтерді басқа жолмен алу жағдайы туралы куәгер ретінде жауап алынды- деп хабарлады Павлодар қалалық №2 сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтева.

 

Сотта түсіндіргендей Мақпал азаматтық тәртіпте материалдық шығынды талап ете алады. Ал бұл кезекті сот отырыстары, әйелдің оған күші де жоқ. Оның пәтері туралы іс бойынша айыыпталушылардың бірін үш жарым жылға абақтыға қамаған. Екеуіне шартты жаза кескен. Солардан бес млн теңгеден астам өндіріп алуға болады екен.