Алаяққа алданып қалмаңыз!

Павлодар тұрғыны, студент Мария Акбарова жуырда күтпеген қоңырауды көтерді. Белгісіз біреу өзін банктің қауіпсіздік қызметінің жұмыскері ретінде таныстырып, бірқатар әрекеттерді жасауын сұраған. Сенгіш қыз бәрін кеш түсінген.

 

 - Олар диалогты сенімді, кәсіби түрде жүргізді. Сондықтан мен олардың алаяқ екенін бірден түсінбедім. Өкінішке орай ақшамды аударып жібердім. Маған сабақ болады, - дейді Павлодар тұрғыны Мария Акбарова.

 

Әрбір оныншы қазақстандық интернет алаяқтыққа тап болады. Ең өкініштісі басым бөлігі алданып қалған. Компьютерлік қауіпсіздік бойынша мамандар алаяқтар кіріс қоңырауларының ақпаратын банктің нөмірі ретінде көрсету үшін өзгерте бастаған дейді. Және күн сайын өз техникасын дамытып отырады. Күмән келтіретін сілтемелерге өтпей белгісіз қосымшаларды жүктемеңіздер. Сонымен қатар кез-келген құпия сөзді, карта реквизиттерін, СМС кодтарды айтуға болмайды. Олармен күресудің ең басты жолы қоңырауды алған соң бірден басып тастаңыз.