Алақол мердігердің кесірінен уақытында тапсыра алмаған

Сарыарқа мөлтек ауданындағы №29-үйдің құрылысы 2019-дың тамыз айында басталды. Тапсыру мерзімі - 2020-шы жылдың мамыры еді. Көпқабаттыда 72 пәтер бар. Оларды жинақ банкі арқылы өткізуді жоспарлаған. Қазан айынан бастап адамдар дабыл қағып келеді. Құрылыс жұмыстары нақты қашан аяқталатынын әлі күнге дейін білмейміз дейді. Мерзім үнемі шегеріліп отырады.  

 

- Қазан айына дейін кешіктіріледі деді. Қазан айында барлық тұрғындар болып күттік. Ары-бері өткенде сыртынан қарап өтеміз. Бірақ құрылыстың жүріп жатқаны байқалмады. Кейін қазан айында да бұл үй аяқталмай қалды, - деді Оразбек Бақытхан. - - Біз жас отбасы ретінде пәтерге қаражат жинадық. Алайда ол қолданысқа қашан берілетінін білмейміз. Банк әкімдікке барыңдар деді. Бүгінде пәтер жалдап жүрміз, - деді салымшылардың бірі.  

 

Көпқабатты үйдің шаршы метрі - 140 мың теңге. Осылайша, 3 бөлмелі пәтердің құны 12 миллион, 2 бөлмелі – 9, ал бір бөлмелі 6,5 миллион теңге шамасында. Адамдар өздерінің төлем қабілеттіліктерін 2020-шы жылдың ақпан айында растаған болатын. Салымшылар үй қолданысқа берілгенде, шара қайтадан өткізіліп, банк бас тартады деген уайымдарын айтуда.

 

- Бұл өте мәселелі сұрақ. Көптеген отбасылар жұмысқабілеттілігін сол кезде растады. Бір жылда отбасыда балалар пайда болды. Сәйкесінше, олардың табыс көздері қайта зерттеледі. Көбісін осы сұрақ мазалайды, - деді Мейірлан Мақсұлов.  

 

- №29-шы үйдің құрылысына жауапты мердігерлік ұйым алақол болып шықты. Келісім бойынша өз талаптарын орындамады. Сол себепті 29-шы үй уақытында қолданысқа берілмеді. Қаңтардың 30-ы күні тапсыруды жоспарлап отырмыз, - деді Павлодар қаласы құрылыс бөлімі басшысының м.а. Нұрдәулет Несіпқазиев.

 

Бұдан бөлек, құрылыс бөлімінде мердігердің үстіне бірнеше рет сотқа арызданғандарын айтты. Мерзімді бұзғаны үшін бірнеше рет айыппұл салынған. Жалпы сомма 8,5 миллион теңгені құрайды.