• Басты бет
  • Қоғам
  • Алдағы күндері Павлодарда бірден 3 көшеде жол жабыны жаңартылады

Алдағы күндері Павлодарда бірден 3 көшеде жол жабыны жаңартылады

Астана көшесі толықтай Торайғыровтан Ломовқа дейінгі аралығында асфальт бетон жабыны жаңартылады. Сондай-ақ, бұл күндері Академик Сәтпаев Естайдан Кривенкоға дейін жабылады. Аталмыш аралықтағы жөндеу мерзімі шамамен 5 күнді құрайды. Сәйкесінше қоғамдық көліктің жүру сызбасы уақытша өзгереді.

 

- Осыған орай №1. 1Э, 5, 10, 18, 21, 22 және 27-ші автобустардың жүру сызбасы уақытша өзгертіледі. Аталмыш автобустан Сәтпаев көшесімен оңтүстіктен солтүстікке жүргенде Естайға шығып, Астана көшесіне бұрылады. Кейін Қайырбаевқа шығып қайтадан Сәтпаевке бұрылады. Ары қарай өз бағыттарын жалғастырады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Ал демалыс күндері Сәтпаев көшесі Естайдан Лермонтовқа дейінгі аралығы жабылады. Сол себепті әкімдікте автокөлік иелеріне бағытты алдын-ала жоспарлауға кеңес береді. Жабылған көшелер туралы ақпарат әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңартылып отырады.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.