• Басты бет
  • Қоғам
  • Алдағы сенбідегі тазалық шарасына 30 мың адам қатысады деп күтілуде

Алдағы сенбідегі тазалық шарасына 30 мың адам қатысады деп күтілуде

Және мамырдың 10-ына дейін жалғасады. Шара барысында қаланың жүз көшесінен, сондай-ақ, Зеленстрой, Жанауыл және Теміржолшылар кентінен қоқыс шығарылады деп жоспарлануда. Аймақ басшысы санитарлық айлық кезінде саябақтар мен басқа да нысандарға назар аударуды сұрады. 

 

- Тазалық айлығына көңіл аударуды сұраймын. Жұмыстар барысында саябақтар, аялдамалар, кеспе тастар, қоршаулар және басқа да нысандарды ретке келтіру қажет. Қыс мезгілінен кейін қаламызды ретке келтіру керек, - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.  

 

Сенбілік барысында қаланы 24 учаскіге бөледі. Олардың әрбіреуіне халық қалаулары, тәртіп сақшылары және басқарма басшылары жауапты болады. Алғашқы сенбілікке 30 мың павлодарлық ат салысады деп жоспарлануда.  

 

- Қаланы тазалау айлығы кезінде облыстық 50, қалалық мемлекеттік қызметкерлер, 130 ПИК-тің жұмыскерлері және ірі кәсіпорындардың 1,5 мың тұрғына қатысады. Әр учаскіге жауапты адамдар болады, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.

 

Естеріңізге салсақ, облыс орталығында ертең 70 жүк көлігі және 30 тиегіш жұмыс жасайды. Барлық қоқысты тегін шығарады. Бұдан бөлек, коммуналшылар ретсіз үйінділерді жоюды жоспарлап отыр.