• Басты бет
  • Қоғам
  • Алдағы уақытта КВИ-ге қарсы екпені қалаған адамдардың бәріне салмақ

Алдағы уақытта КВИ-ге қарсы екпені қалаған адамдардың бәріне салмақ

493 науқас стационарда, 1238 адам амбулаториялық тәртіпте ем алуда. Инфекциялық ауруханалардағы кереует санының 31 проценті қамтылса, жансақтау бөлімінде 19 пайыз. Наурыздың 1-нен бастап 2660 адамға екпе салуды жоспарлап отыр.

- Вакцина ресейлік. Ол бірінші және екінші кезеңде де қолданылуда. Қазақстандық препарат әлі күнге дейін клиникалық сынақтан өткізілуде. Қазір медиктермен қатар педагогтер де екпе салуға дайын. Бізге мыңнан астам педагогтың тізімі ұсынылды. Ақпанның 28-і 4050 доза бірінші компонент вакцинасы жеткізілді, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова.

Бүгін аймағымызда коронавирус жұқтырған 81 адам тіркелді. Денсаулық сақтау басқармасында алдағы уақытта вакцина салдырғысы келетіндердің барлығын қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда құқық қорғау саласының тізімі дайындалуда.