• Басты бет
  • Қоғам
  • Алматылық көлік болса да, салығын Павлодардан төлеуге болады

Алматылық көлік болса да, салығын Павлодардан төлеуге болады

Мемлекеттік кірістер департаментінде салық төлеушілер үшін хабарлама дайындауда. Ол көлік мінетіндерге қатысты болмақ. Салықшылар қазір оны автомобиль тіркелген орын бойынша емес, тұрғылықты мекені бойынша төлеуге болатынын жеткізді. Машинаңыз Алматыдан, ал өзіңіз Павлодарда тұрсаңыз ақшаны осында төлейсіз.

 

- Мемлекеттік кірістер комитеті орталық деңгейде міндеттемелер енгізді. Біз оларды көре аламыз. Төленуі тиіс соманы біз екінші деңгейлі банк сонымен қатар «e-Salyq Azamat» мобильді  қосымшаларынан көреміз. Онда хабарлама болады, - деді Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Дастан Брыков.

 

Салықшылар қосымшада төленуі тиіс соманы көруге болатынын айтты. Сәуірдің 1-нен ол қарызға айналады. Павлодар облысының тұрғындары бюджетке 860 миллион теңгеден астам қарыз. Бұл соманың шамамен 90% - көлік салығы.