Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Алопециямен толыққанды өмір сүруге болады

Қоғам

11
Алопеция диагнозымен өмір сүру қалыпты жағдай. Бүгінгі шараға жиналғандардың ұраны бір. Айтуларынша шашы түсіп қалған әйелдер, тіпті балалар қоғамда көптеген қиындыққа кездеседі. Кристина Чеботкова бүкіл Қазақстан бойынша нәзік жандыларды осындай әлеуметтік фото түсірілімге жинауды үш жыл бойы армандап келген.

- Мен осындай жоба арқылы қыздарға сенімділік сыйлағым келеді. Біз ешкімге ештеме дәлелдемейміз және міндетті де емеспіз. Біздің шашсыз жүруге құқығымыз бар. Алопецияға шалдыққан арулар өздерін барынша жақсы көріп, өзгелер не ойлайды деген ойдан аулақ болуы керек, - дейді Кристина Чеботкова.

 

 

Бүгінгі шараға Қарағанды, Петропавл, Степногорск және Өскеменнен келген. Олардың қатарында екі бала да бар. Кристина Чеботкова болашақта мұндай әлеуметтік жобаларды жиі ұйымдастыру керек дейді. Қатарына  қосылушыларды  жасанды шаш тақпай-ақ толыққанды өмір сүруге шақырады. Алопецияға шалдыққан балалар үшін елімізде тіпті қоғамдық қор да ашылған. 

 

 

- Біздің қоғамдық қордың мақсаты сырт келбеті басқаша балаларға үрке қарамауға, керісінше қолдау көрсетуге шақыру. Себебі мазақ қылу мектептен басталады. Алопеция жұқпалы емес, сол себепті адамдар бұл қатерлі ісік пе деген секілді ретсіз сұрақтар қоймауы керек деп ойлаймын, дейді «Алопеция. Счастье быть с собой» балалар қорының құрылтайшысы Гаухар Оспанова.

 

Қоғамдық қор өз келушілеріне психологиялық, медициналық  көмек көрсетеді. Бүгінгі фото суреттер сериясы әлеуметтік желілерде жарияланады, осы арқылы адамдарды алопецияға ұшыраған жандарға үрке қарамауға шақырмақ. 

 

Бибінұр Хамитқызы

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()