Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Алпауытқа жылу жетіспеушілігі бойынша 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қоғам

12
Жылу беру маусымы басталғалы жылу жетіспеушілігі бойынша 15 дерек расталған. Нұркин, Бекхожин, Теплов, Гагарин, Майра көшелеріндегі үйлерде ыстық суға, ал Ткачев көшесіндегі көпқабатты үйлерде жылуға қатысты шағымдар болған. Тұрғын үй инспекциясы мамандары сәйкессіздік туралы монополияға қарсы ведомстваға хабарлады. Олар болса заңға сәйкес табиғи монополиялар субъектілері сапалы қызмет көрсетуі тиіс дейді. Қызмет сапалы деңгейде атқарылмаса, жауапқа тарту тетігі заң жүзінде қарастырылған дейді.

«Павлодарэнергосбыт» бұзушылық үшін 2 млн 222 мың теңге айыппұл төледі. Бұл заң қарастырған соманың 50 проценті. Жеңілдік жасалған себебі қызмет беруші жазбаша өкіммен келісіп, ақшаны жеті күн ішінде төледі. 

 

-Егер тұрғындар жылу жетіспеушілігін анықтаса, бірден ПИК-ке жүгіну керек, олар өз кезегінде «Жылу желілері» өкілдерін шақырту қажет. Кейін температуралық кесте тексеріледі. Яғни үйге кіргенде қандай температура болуы керектігі анықталады. Егер сәйкессіздік болса, бірден акт жасалады. Сол кезден бастап тұрғындарға қайта есептеу жасалады, - дейді ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Павлодар облыстық департаменті басшысының орынбасары Мирас Зеріпбаев.

 

Департаментте алпауыт жылу жетіспеушілігі бойынша тұтынушыларға қайтаруы тиіс сома әлі саналып жатқанын айтты.  Ол анықталған кезде қайта есептеу сомасын түбіртекке жазады. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()