• Басты бет
  • Қоғам
  • Алпауыт Павлодардағы жолды сапасыз қалпына келтіргенін айтты

Алпауыт Павлодардағы жолды сапасыз қалпына келтіргенін айтты

Қамзин көшесіндегі телімді осы жылы екі рет қазды. Қазір асфальт жаңа болса да кедір-бұдыр. Оқиға орнына тіпті жол активтері сапасы орталығының мамандары келді. Алайда тапсырыс беруші келмегендіктен олар сараптама жүргізе алмады. Алпауыт болса мердігердің жұмысын сапасыз деп таныды.

- 2021 жылы «Павлодарводоканал» ЖШС мердігерлік ұйымымен Қамзин көшесінде Малайсары Батыр көшесінен Аймауытов көшесіне дейін және Парковая көшесінде Жаяу Мұсадан Майра көшесіне дейін су құбыры желілерінің құрылысынан кейін асфальт бетон жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген болатын. «Водоканал» ЖШС ақпараты бойынша жұмыстардың сапасыз жүргізілгендігіне байланысты барлық ақаулар 2022 жылдың көктемінде қолайлы ауа райы туындаған кезде жөнделетін болады, - деді Павлодар қаласы баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Айта кету керек, Парковая көшесіндегі телімді осы жылдың көктемінде қалпына келтірген. Ал жазда қалалық әкімдікте ақау анықталғанын мәлімдеді. Алпауыт енді қатесін тек көктемде жөндей алады.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы