Алтайская көшесінің тұрғындары шарасыз күй кешуде

Алтайская көшесіндегі екі пәтерлі үй бірнеше аптадан бері кәріз жүйесінің суынан жапа шегуде. Жаңа жылға дейін жертөлесі сан рет зардап шекті. Ол кезде адамдар мәселеге көңіл аудармады. Алдағы уақытта жағдай тұрақталады деп ойлаған. 3-ші қаңтарда қайта көтерілген.  

 

- Су жылдам келе бастады. Біз оны шығаруға үлгермедік. Шелек ұстап барлығымыз жағымсыз сумен күрестік. Барлық апаттық қызметке қоңырау шалдым, оларға тіпті бейне жібердім. Барлығына кезек бойынша келеміз деді, - деді  Алтайская көшесіндегі №70-үйдің тұрғыны Галина Ведель.  

 

Жергілікті тұрғындар жертөлеге су тіпті түнгі уақытта келетіндерін жеткізді. Оны шығару үшін бірнеше жаңа сорғы құралдарын сатып алған. Бүгінде баспанадан жағымсыз иіс кетпеуде. Адамдар мәселе, Архангельская көшесіндегі сорғы құрылғысынан пайда болғанын айтуда.

 

- Ондағы сорғы құрылғысынің кәріз жүйесі суын шығаруға қуаттылығы жетпейді. Сол себепті ол қайта ағынмен біздің үйге келеді. 1-ші пәтерден судың нақты ағымын көруге болады. Еден, қабырғаның барлығы дымқыл тұр. 40 градус аязда оны шығарумен айналыстық, - деді Галина Ведель.  

 

Қала әкімдігінде жағдайға түсініктеме беруге дайын болмады. Жергілікті тұрғындар болса көмек қайдан келеді деп алаңдап, сарқынды судың зардабынан құтылатын үміттерін үзе бастағандай.