Алты жылда бітпеген мұз айдыны

Шенеуніктер құрылыстың не себепті тоқтап тұрғанына қатысты мардымды жауап бермей келеді.

 

- Мердігер бойынша үлкен мәселелер туындады. Қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Жоспар бойынша жыл соңында іске қосылмақ, - деді Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының м. а. Дәуір Ерғабылов.

 

 

Бұған дейін нысан бюджеттен тыс қаражат есебінен салынып жатқаны және ақша толық көлемде аударылғаны хабарланған болатын. Бірақ, қазір істеп жатқан жұмысшылар жоқ.