Алған ақшасы үшін 12 есе көп төлейді
Криминалисті алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Іс материалында көрсетілгендей қызметкер Павлодардың полиция басқармасында криминалист болып жұмыс істеген. Ол лауазымға ие бола тұра сенімге кіріп Ресей азаматынан заңсыз түрде алғашында 82 мың теңге, кейін тағы 92 мың теңге алған. Осы ақшаға анықтаманы ұзартамын деп сөз берген. Қазір басқа жерде жұмыс істейді, үш баласы бар, сол себепті сот оны бас бостандығынан айырудың қажеті жоқ деген шешімге келген.
-ҚР ҚК 190 бабы, 3 бөлімі, 2,4 тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ұрланған мүлікті 12 есе көлеміндегі айыыпұл ретінде қайтару жазасы тағайындалды. Бұл сома 2 миллион 88 мың теңге,- деп сот үкім шығарды.
Сонымен қатар бұрынғы полицейді ресейлік азаматқа келтірген 128 мың теңге материалдық шығын өтеуге міндеттеді. Өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және лауазымынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Авторы: Бибінұр Хамитқызы