Алғашқы қардың әлегі

-Олардың 11-і Павлодарда орын алса, Екібастұзда 3, Ақсуда 2 және республикалық маңызы бар жолдарда 8 жол көлік оқиғасы тіркелді. Біреуінде екі адам зардап шекті.  Спутник пен Пограничник ауылдарының аралығында жеңіл машина жүк көлігіне соғылған – деп хабарлады Павлодар облысы ЖПҚ басшысы Ғалым Сарғұлов.

 

Ал синоптиктер қараша айының ортасында аязды күндер басталатынын мәлімдеді. Ауа температурасы минус 15-18 градусқа дейін суытады. Ал желтоқсан айында  көпжылдық норма бойынша  температура әдеттегіден жоғары әрі қарлы болады деген болжам айтты.