Анасының жүзіне күлкі сыйлағысы келеді

Отбасы қонақтарға әрқашанда қуанышты. Себебі негізінен оның үйіне жедел жәрдем көрсетуге дәрігерлер келеді. Ол бізге сүйікті фильм қаһарманының кескіндерін көрсетті. Аталмыш туындыны ер жігіт дәрі қораптары мен ескі қағаздарынан жасаған. Тіпті жарықдиодты шамы да ойластырылған. Сырт көбзбен қарағанда, бұндай жас азаматта бірнеше ауыр сырқаттардың бар екендігін айтуға келмейді. Барлығы 20 жыл бұрын басталған еді. Аулада Ярославтан ойыншығын тартып алғылары келіп, баланы ұрып соққанда, кірпіш басына тиген.

 

- Жүре алмай, сөйлемей, бізді таныған жоқ. Дәрігерлер өліммен аяқталады, болмаса өмір бойы мешел болып қалады деп айтқан. Мен оған келіспедім. Медициналық кітаптарды қазбалай бастадым. Негізі біз Мәскеуде емделгіміз келді, бірақ мүмкіндік жоқ. Шашкин атындағы нейрохирургиялық орталыққа барғымыз келеді. Бұл Алматыдағы емхана, - дейді анасы Марина Рубацкая.

 

Қазір Ярослав 25-те. Өткен жылы инсультті бастан кешті, ал тырыспа мен эпилепсия жиілігі, үйреншікті дүниеге айналды. Күніне 50 рет ауруы ұстайды, кей сәтте жедел жәрдем көрсету көлігі терезе алдында кезекшілік атқарады деп айтуға болады. Ер жігіттің әкесі отбасысын баяғыда тастап кеткен. Марина Рубацкая беделді жұмыс орнынан бас тартып, баласына көңіл бөлуді жөн көрді. Пол жуу арқылы пайда болатын уақытша табыс, тек дәрі-дәрмектерге ғана жетеді.     

 

- Анамды аяймын. Мен үшін жылаудан көз ашпайды. Өзі туралы мүлдем ұмытып кетті, бетін бояп, сәнденген сәттері тіпті есімде жоқ, - дейді Ярослав.      

           

Алматы қаласындағы тексерілу және ота жасау жеңілдік бойынша 2 миллион теңге құрайды. Біреулер үшін сомма үлкен емес, бірақ бұл жанұя үшін маңызды болары айқын. Ярославтың 14 жастағы қарындасы бар. Көмек көрсетем деушілер экрандағы нөмір арқылы хабарласа алады. Ал ер жігіттің ең үлкен арманы - өз анасының дидарынан мейірімді күлкі көру.