• Басты бет
  • Қоғам
  • Андрей Шиллерді өлтірген павлодарлықты 18 жылға темір торға қамады

Андрей Шиллерді өлтірген павлодарлықты 18 жылға темір торға қамады

Ағасын айуандықпен өлтіргені жайлы наурыз айында Александр Коваленко айтып берген болатын. Ол кезде ер адам оқ атқан 55 жастағы күдіктіні ғана емес, осының барлығын телефонға түсірген Андрейдің жұмыс берушісін де жауапқа тартқысы келген. Ал оның өлген сәті түсірілген жан түршігерлік кадрларды отбасы мүшелері ешқашан ұмытпасы анық.

Андрей жалақы сұрап келген база иесі алдымен аспанға оқ атады. Кейін қаруын жігітке бағыттайды. Андрей сол жерде көз жұмды. Марқұмның туыстары айыпталушыға қатысты қатаң үкімге қол жеткізді.  Істі алқа билер қарады.

- Алқа билердің үкімімен іс бойынша жазаны жеңілдететін жағдайларды ескеріп, бұзақылық ниетпен қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесіне 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - дейді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.

Прокурор 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Мұнымен жапа шегушілер де келіскен еді. Қорғаушының сөзінше сот оларға 23 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеген.

Авторы: Бибінұр Хамитқызы