Аркалардың ішіне қойылған бетон бөгеттер заңсыз тұр!

Бұл Естай, 142 мекенжайы. Аркадағы блоктарды өткен жылы алып тастаған болатын. Биыл заңсыз тосқауыл қайтадан пайда болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі үшін жауып тастады.

 

- Бұл үйдің тұрғындары ретінде аталмыш блоктардың алып тасталуына қарсымыз. Себебі мұнда көліктердің легі біршама артады. Өткен жолы ашқан кезде ауламыз арқылы күніне 5 мың көлік өтті. Тосқауылдардың орнына жасанды бөгеттер қою керек деп барлық инстанцияларға шағымдандық. Алайда, еш өзгеріс жоқ, - дейді Алексей Кот.

 

Ал төтеншеліктердің айтуынша, заңсыз тосқауылдар жедел жәрдем немесе өрт сөндірушілердің өтуіне кедергі келтіреді. Блоктарды орнатқан адам әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жасанды жол бөгетін орнату үшін коммуналшыларға жүгінуге кеңес береді.

 

- Акцияның басты мақсаты аула ішіндегі тас бөгеттерді алып тастау.  Қазіргі таңда қала бойынша 40 мекенжайдан астам осындай тас бөгеттер орнатылған заңсыз. Тас бөгеттердің орнына жол үстіне жасанды бөгеттерді орнатқан дұрыс болар, - деді Павлодар қаласы ТЖ басқармасы басшысының орынбасары Тілекжан Галямов.

 

Төтенше жағдай басқармасының мамандары күнделікті рейдтік шаралар ұйымдастырып, заңсыз тосқауылдарды анықтамақ. Қала бойынша олардың саны 40-тан асады. Алдағы уақытта, барлығын арнайы техникамен демонтаждайды.