• Басты бет
  • Қоғам
  • Архангельская көшесіндегі №73-үйдің алдындағы шұңқырды кім, қашан жабады?

Архангельская көшесіндегі №73-үйдің алдындағы шұңқырды кім, қашан жабады?

Коммуналдық жөндеу аумағы коршауға алынып, жан-жағында құбырлар мен сорғылар жатыр, тіпті үлкен шұңқыр да қазылып тұр. Бірақ жұмыскерлер де, қызу шаралары да бірнеше күн болды, мүлдем көрінбейді дейді жергілікті тұрғын Владимир Проценко. Оған қоса кәріз жүйесінен шығатын жағымсыз иіс те бар аумақты алып кеткен.

 

- 8 метр тереңдіктегі шұңқыр. Ішінде жер асты сулары шығып жатыр. Оған жаңбыр қосылды. Жер шайылып кетіп жатыр, енді біраздан соң құдық құлауға дайын тұр. Тура біздің үйдің алдында. Қақпамыз да құлауы мүмкін. Неге тезірек жасамайды? Қысқа дайындалып, көмір, ағаш тасу керекпіз. Үйге көлік түгілі, өзіміз әрең дегенде кіреміз. Мына былықтың бәрін айналып жүреміз, - деді Архангельская көшесіндегі №73-үйдің тұрғыны Владимир Проценко.

 

 

Владимирмен бірге тұратын 81 жасар зейнеткер әкесі де үйдің дәл алдындағы жұмыстың еш өзгеріссіз тұрғанын күнделікті көріп, зығыры қайнайды. Айту керек, Проценко жанұясы Архангельская 73-те 20-жылдан астам уақыт тұрып келеді. Бұндай түзініксіз қазбалар соңғы жылдары әдетке айналып кеткен дейді. Қалалық әкімдікте аталмыш жөндеу жоспарлы екендіктерін айтып, жауапты ұйым оны жақын арада аяқтайтындығын жеткізді.

 

- «Павлодар-Водоканал» ЖШС 500 метрлік диаметрлі өздігінен ағатын коллекторды күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруда. Аймауытов пен Архангельская көшелеріндегі жөндеудің жалпы қашықтығы 150 метрді құрайды. Жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Архангельская көшесіндегі жөндеу белгіленген мерзімде аяқталады ма? Оны уақыт көрсетеді. Қайткенімен, Проценко жанұясы олардың әрекет етуін тағатсыздана күтуде.