Асфальт орнына қиыршық тас

«Қазіргі уақытта аталмыш жоба Павлодар қаласының коммуналдық қызметкерлеріне жіберілді. Абаттандыру және асфальт салу жұмыстары кәріз жүйесі тартылғаннан кейін қарастырылған. Сол себепті Павлодар қаласының ТҮКШ бөлімі тұрғындардың ыңғайлығы үшін көшеге қиыршық тас төседі – деп хабарлады Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Осыған байланысты жеке сектор тұрғындары кәріз жүйесі тартылмағанша көшеде аса сақтықпен жүруге мәжбүр. Биыл жаңа жолды күтпеуге болады.