• Басты бет
  • Қоғам
  • Атаулы әлеуметтік көмек алып береміз! Павлодар қаласында алаяқтар мемлекеттік қызмет түрлерін жамыла бастады

Атаулы әлеуметтік көмек алып береміз! Павлодар қаласында алаяқтар мемлекеттік қызмет түрлерін жамыла бастады

- Адамардың ұялы телеофндарына хабарласып өздерін жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері ретінде таныстырады. Есеп шоттарының 20 реттік номерін, жеке сәйкестендіру номерін және басқа да жабық ақпаратты айтуларын сұрайды. Осыған байланысты біз барлық қызмет алушыларымызды ескертіп отырмыз. Жұмыспен қамту орталығы ондай ақпарат жинаумен айналыспайды, - дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Акзамова.

Жұмыспен қамту орталығы мамандарының айтуынша, осы мәселеге қатысты басқа қалалардағы әріптестеріне хабарласқан. Анықталғандай мұндай алаяқтар еліміз бойынша жұмыс істеуде. Осы ретте, атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тек электордындық сандық қолтаңбаның болғаны жеткілікті екенін еске салып отыр. Барлығын қызмет алушылар өздері жайсайды. Телефон арқылы жеке ақпарат айтудың қажеті жоқ. Ал полициядағы статистикаға сәйкес жыл соңында алаяқтық деректер жиі кездеседі. Сондықтан барынша сақ болуға шақырады.

- Кез келген мемлекеттік органдарға азаматтарға қатысты қандай да бір ақпарат қажет болса олар оның барлығын өздерінің дереккорлары бар. Сондықтан, еш бір мемлекеттік мекеме ұялы телефон арқылы хабарласып, жеке ақпарат сұрастыруды жүргізбейді, - дейді Павлодар облысы ПД қылмыстық полиция басқармасының жедел уәкілі Аман Әубәкіров.

Сондай-ақ, полицияда алаяқтардың алдауына сеніп қалғандардың барлығына бірден құқық қорғау органдарына арыз жазуға кеңес береді.

 

Авторы: Аида Адрахова.