Ауладан қар үйінділерін шығармағандарға айыппұл салынады
Биыл арнайы техниканы шақырту құны шамамен 4 мың теңгеге қымбаттаған. Өткен жылы жүк және тиегіш көліктің бір сағаттық жұмысына 10 мың теңге төленсе, биыл сомма 14 мыңға дейін өскен. Ал үйінділерді уақытынды шығармаған жағдайда айыппұл салынады.
- Біз қар шығару үшін барлық аула сыпырушыларын және техникаларды шақырдық. Әрбір рейс үшін жүк көлігіне 12-ден 14-мыңға дейін, ал тиегішке бір сағатқа 12 мың төлейміз. Өткен жылы 10 мың теңге болған. Тұрғындар таза ауламен жүргісі келеді. Бірақ қаражат төлеуге асықпайды. Кейбір үйлер бұл соманы тарифке қосады. Сондай-ақ, ауладағы көліктер кедергі келтіреді, - дейді қызмет көрсетуші ұйымның төрайымы Валентина Внукова.
- Абаттандыру ережесіне сәйкес ПИК-тер үйдің периметрі бойынша 5 метр жер теліміне жауапты. Қызмет көрсетуші ұйымдардың көбісі қар шығаруды қазіргі тарифке енгізген. Аулалардағы жол табандылардың тазалығына да ПИК-тер жауапты. Себебі, олар өз көліктерін аулада қалдырады. Қалған аумақ қалаға тиесілі. Оның тазалығына ТҮКШ бөлімі жауапты, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Әзімханов.
Сондай-ақ, инспекция мамандары келесі аптадан, тәртіп сақшыларымен бірігіп, рейдттік шаралар ұйымдастырамыз деп мәлімдеді. Ауладан үйінділерді уақытында шығармаған қызмет көрсетуші ұйымдарға айыппұл салынады. Бұл бизнес субъектілеріне де қатысы.