• Басты бет
  • Қоғам
  • Автобуста қабырғасын сындырған зейнеткер өзі кінәлі болып шықты

Автобуста қабырғасын сындырған зейнеткер өзі кінәлі болып шықты

Валерий Борисенко әлі күнге дейін тыныш ұйықтай алмайды. Қартайған кезіндегі қабырғаның сынуы қиын жағдай әрине. Бұл ретте, полицияға жазылған арыз нәтиже бермеді. Ол кенеттен тежеу салдарынан автобуста құлап қалғандығын алға тартқан. Алайда олар жолаушының өзін кінәлі еткен.

 

- Жағдайға жолаушы кінәлі деген жауап алдым. Яғни автоубс жүріп келе жатқанда түспекші болғандығыммен мен жол-жүру ережесін бұзып отырмын. Олардың түсіндіруінше орнымнан тұрып, шығуға дайындалуымның өзі осы санатқа жатады екен, - деді зейнеткер Валерий Борисенко.

 

Зейнеткер қозғалыс кезінде есікке қарай жүргенін жасырмады. Сонда, онымен бірге көптеген адамдар жол жүру ережесін сақтамайды-мыс. Айта кетейін, полиция қаулысында жолаушы көлік толығымен тоқтағаннан кейін түсуі керек делінген.   

 

- Аталған әкімшілік өндіріс автобус жүргізушісі тарапынан жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу қарастырылмауына байланысты тоқтатылды. Валерий Борисенко құжаттар пакетін алуға және осы ЖКО-да келтірілген залалды өтеу үшін сотқа жүгінуге толық құқылы, - дейді Павлодар қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Болат Тасқарин. 

 

Валерий Борисенко сотта өзінің дұрыстығын қалай дәлелдеу керек екенін білмей дал болуда, өйткені полицияның қаулысында жолаушының кінәлі екендігі көрсетілген. Бұл құжатты кез келген заңгер көрсе, оны қолдауы екі талай. Ал зейнеткерді алдағы уақытта ұзақ уақыттық емеу шарасы күтіп тұр, сәйкесінше ақысында өз қалтасынан төлейді.