• Басты бет
  • Қоғам
  • Азамат Муханов Қазақстан электролиз зауыты әлеуетіңді арттыратын орын деп санайды

Азамат Муханов Қазақстан электролиз зауыты әлеуетіңді арттыратын орын деп санайды

- Менің ҚЭЗ істегеніме 7 жыл. Университетте металлургқа оқыдым. Біздің участок анодтық-монтаждық деп аталады. Онда анодтарды өндіріп, монтаждайды. Кейін ол сұйық алюминий алу үшін басқа цехқа әрі қарай жіберіледі, - дейді «ҚЭЗ» АҚ электродтар өндірісі цехының анодтық-монтаждық участогының  6 разрядты анод құюшысы Азамат Муханов.

 

Қазақстан электролиз зауытының жас та тәжірибелі жұмыскері металлургтер күнін жай ғана мереке деп санамайды. Ол жаңа мақсаттарға жетелейді дейді.  

 

 - Бұл мен үшін кәсіби мереке, біз оны асыға күтеміз. Басшылық үнемі бізді қолдайды. Сәйкесінше біз де барынша тер төгеміз. Мен алюминийді жасауда, елімнің мәртебесін, өндірісін көтеруде өз үлесім бар екенін мақтан тұтамын, - деп бөлісті Азамат.  

 

Ұжыммен жолым болды дейді Азамат Муханов. Ауыр еңбек барлығын біріктірген. Металлург әріптестері  зауыттағы жұмыстан тыс уақытта да бірге болуға тырысады.   

     

-Әрбіреуі көмектесуге тырысады. Демалыс күндері спорттық шараларға бірге қатысамыз. Туған күндерді, шілдеханаларды бірге атап өтеміз, - дейді жас маман. 

 

Азамат Муханов қазіргі таңда Қазақстан электролиз зауытының болашағынан зор үміт күттіретін жұмыскерлерінің бірі.