Аға инспектор:«Қаруды сейфте сақтау керек»
Қазір полиция тексеріс жүргізуде. Айта кету керек, аймағымызда барлық қару түрі бойынша жедел алдын алу шаралары басталды. Екі күн ішінде 11 қару-жарақ тәркілеген.
- Тіркелген қаруды жеке сейфте сақтау керек. Ол дабыл бергішке қосылуы қажет. Сейфте басқа ештеңе сақталмауы тиіс. Егер оны сақтау ережесі бұзылған болса, тәртіп сақшылары қаруды тәркілейді. Тек сақтау талаптары бойынша ережелерді түзеткен кезде қайтарып береді. Кейде тәркіленген қарумен бұған дейін бірнеше жылдар бұрын қылмыс жасалғаны да анықталып жатады. Мәселен ол адам өлтіру, тонау немесе қарақшылық, - дейді Павлодар облысы ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі ағаинспектор Азамат Исеев.
Тәртіп сақшылары Шарбақты ауданы тұрғыны қоймада тапанша сақтағанын айтты. Бұл ретте істен шыққан немесе тіркелмеген суық қаруды сақтаған кез келген азаматқа қатысты іс қозғалады. Көбінесе айыппұл салады. Кейде тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін. Барлығы қарудың қандай екеніне байланысты. Жалпы аймағымызда 11 мың адамның қару сақтауға рұқсат құжаты бар.