• Басты бет
  • Қоғам
  • Ақпан айынан бастап Павлодарда электронды билеттердің бір түрі ғана жарамды болады

Ақпан айынан бастап Павлодарда электронды билеттердің бір түрі ғана жарамды болады

Сәтпаев және Астана көшелерінің жабылуына байланысты ұзарған. Үлкен класстағы көліктер Бектұровпен қозғалды. Сондай-ақ, ТЖ кезінде кейбір автобустар тәртіп сақшыларының еншісіне берілді.

- Үлкен класстағы автобустар комменданттық шараларға қатысты. Оны жасырудың еш себебі жоқ. Олардың орнына біз қала арасында жүретін автобустарды жібергіміз келді. Бірақ облыс бойынша жүретіндер де өз автобустарын тәртіп сақшыларына ұсынған. Кіші класстағыларды қалаға шығара алмадық. Себебі, олар сол кезде болған кептелісті күшейтуші еді, - деп мәлімдеді Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук.

Жиын барысында трамвай және автобустарда енгізілетін сараланған тариф туралы да айтылды.

- Бүгінде жолаушыларды тасымалдау қауымдастығы бір операторды таңдалды. Бұдан бұрын электронды билетті 2 оператор жүргізген. Олар 2 мың карта сатып үлгерді. Сондықтан 1 ай шамасында екі оператордың да карталары жарамды болады. Оған қоса, жалғыз таңдалғанға тұтынушылар тегін көше алады. Билеттеу жүйесіне тұрғындардың 70-80% көшкен жағдайда субсидиялауды бастаймыз,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалиақпаров.

Сонымен қатар, ТҮКШ бөлімінің басшысы автобустардың 20% жүргізушілердің тапшылығына байланысты тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Мәселені шешу үшін кадрларды іздестіруде. Олардың орташа жалақысы 260 мың теңге деп белгіледі.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа